Алматы облысында 2024 жылдың 9 айында АРТ қамтуы артып, терапия тиімділігі 2023 жылғы 87%-дан биыл 91%-ға дейін өсті. АРТ-тың негізгі мақсаты — қандағы вирустардың санын азайту және иммундық жүйені қалпына келтіру. АИТВ-инфекциясын емдеудің тиімділігі — адамның өмірін барынша ұзарту, оның сапасын жақсарту, сондай-ақ адамға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру. Емдеу жетістіктерінің арқасында иммун тапшылығымен байланысты аурулар мен АИТВ-инфекциясынан болатын өлім-жітім төмендеді. Қазақстанда антиретровирусты препараттар тегін беріледі.
2024 жылы Қазақстан Республикасының азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының 247 жаңа жағдайы тіркелді. Тіркелген АИТВ жағдайларының ішінде 30-49 жас аралығында жоғары пайыз – 62,8%, негізгі берілу жолы – жыныстық қатынас – 78,5%. Есепке алынған жүкті әйелдер – 100%, жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері – 96,7% тексерілген. Барлық жүкті әйелдер мен АИТВ жұқтырған әйелдерден туған балалар анадан балаға жұғудың алдын алумен 100% қамтамасыз етілген. Халықтың негізгі топтарын (инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар, секс-жұмыскерлер және ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер) байланысқа дейінгі алдын алу препараттарымен 4,6%-дан 12,7%-ға дейін қамтылды. Халықтың хабардарлығын арттыру үшін 376 ақпараттық-білім беру компоненттері (семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер, акциялар, ашық есік күндері) өткізілді. Әлеуметтік желілердің жұмысы жанданып, АИТВ жұқтырған адамдардың өмірінен шынайы оқиғалар туралы айдар енгізіліп, тікелей эфирлер мен шағын фильмдер түріндегі бейнероликтер жүргізілді.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтіледі. Дүние жүзіндегі адамдар АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін бірігуде. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әрқашан белгілі бір тақырыпқа ие. Биылғы жылдың тақырыбы «Адам құқықтары жолында -дұрыс жолды таңдаңыз». Бұл тақырып Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні жаһандық деңгейде белгіленетін мәселелердің өсіп келе жатқан тізіміне қосады. Алғаш рет 1988 жылы атап өтілген Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні жаһандық денсаулыққа арналған бірінші халықаралық күн болды.
Төменде АИТВ-ға тегін тест тапсыруға болатын іс-шаралар тізімі берілген:
Облыстағы медициналық ұйымдарда ашық есік күндері: Конаев қ. (20.11.2024 ж.), Іле ауданы (29.11.2024 ж.), Талғар ауданындағы ЖДО-мен бірлесе (21.11.2024 ж.) «Доверие плюс» ҮЕҰ бірлесіп «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» негізінде (21.11.2024 ж.).
Білім беру жүйесіндегі ашық сабақтар: Іле және Қарасай өңіріндегі мектептермен бірлесіп (22.11.2024 ж.), Еңбекшіқазақ облысындағы 4 колледж студенттері арасында (25.11.2024 ж.), С.Демирел атындағы ЖОО студенттерімен (25.11.2024 ж.) 26.11.2024 ж.), Іле ауданындағы 3 колледж студенттерімен спорттық ойын (26.11.2024).
Жалпы халық арасында акция: Қарасай ауданының көпсалалы емханасымен бірлесіп, «Апорт» сауда орталығында ауқымды акция (20.11.2024), Талғар аудандық мәдениет үйінде байқау, пікірсайыс, флешмоб (27.11.2024), Қонаев атындағы спорт кешенінде волейболдан турнир (29.11.2024).
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде және Ішкі істер министрлігінде ақпараттық-ағарту іс-шараларын өткізу: Жетіген кентінде әскері бөлімдер №97617, 65229, 53975 (25.11.2024), Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі (22.11.2024 ж.) ), №12түзеті мекемесінде спартакиада.
Кәсіпкерлік құрылымдарда ақпараттық-ағартушылық науқандарды өткізу: «Бас киім фабрикасы» ЖШС (27.11.2024 ж.), «Ремстройтехника» ЖШС (27.11.2024) оқу семинарлары.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс: өңірлік коммуникациялар орталығында брифинг (22.11.2024 ж.), «Жетісу» ТК тікелей эфирі, «Шалқар» радиосының тікелей эфирі, республикалық және облыстық басылымдардағы жарияланымдар.
АИТВ-инфекциясының таралу мәселесі өзекті және маңызды болып қалуда.
Халықтың осы инфекция туралы білім деңгейін арттыру арқылы АИТВ-ның алдын алуда табысқа жетуге болады!
Сұрақтар бойынша Самал Кеңшілікқызы Қожалимоваға хабарласыңыз
Тел.: + 7 778 440 98 10