Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«2024 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Кампания» іс-шаралар жоспарына сәйкес 19қарашада Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері Қарасай ауданының аумағында орналасқан SDU университетінің студенттері арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізді.

Қатысушылар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу, бақылау және емдеу, вирус құрылымының ерекшеліктері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың медициналық-құқықтық мәселелері бойынша баяндамалар тыңдады. Сонымен қатар, тыңдаушылар пікірталастарға, психологиялық ойындарға қатысып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды құқықтық қорғауды талқылауға мүмкіндік алды.Сондай-ақ, жоғары курс студенттерін еанонимді сауалнама ұйымдастырылды. АИТВ жұқтыру қаупі мәселелеріндегі сауаттылық пен хабардарлық деңгейін бағалау бойынша өзін-өзі сұрау сауалнамаларын талдау нәтижелері ЖИТ Сорталығыныңмамандарынтаң қалдырды, өйткені 90% дұрыс жауаптар берілді.Студенттер белсенділігі мен қызығушылығы өте жоғары, АИТВ-инфекциясы туралы бірнеше сұрақтар қойды,оларға толық жауаптар берілді.60-тан астам жоғары курс студенттері АИТВ-ға жедел тестілеуден өтугениет білдіріп, тексерілді,оң нәтиже анықталған жоқ.

Дәрігер эпидемиоло гН.Қасымов:

  • «ЖастарАИТВ-инфекциясын жұқтыру ықтималдығы жоғары халық тобы және білім беру мекемелері жүргізетін алдын алу іс-шаралардыңнегізгі нысаналы тобы болып табылады. Білім беру мекемесі алдын алу жұмыстарды жүргізу үшін бірқатар бірегей мүмкіндіктерге ие. Бұл жастардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына, кәмелетке толмаған баланың отбасына қол жетімділігіне үлкен әсер етеді, білім беру мекемесінде тиімді жүйелі профилактикалық жұмысты жүргізуді қамтамасыз ете алатын білікті мамандарға (педагогтар,психологтаржәнет.б.) ие», -деп атап өтті.

Айта кету керек, жыл сайын ЖОО-дағы ағарту іс-шараларына шетелдік студенттер белсенді қатысады.