Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Есірткіге тәуелділік пен зиянды әдеттердің алдын алу айлығының қорытындысы бойынша ШЖҚ «Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК базасында «Тәуелді мінез-құлық пен АИТВ-инфекциясының алдын алудағы кешенді тәсіл: заманауи сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында ведомствоаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – психикалық денсаулық сақтау орталығы мен алдын алу жүйесіне қатысушы ұйымдар, оның ішінде ЖИТС орталығы арасындағы өзара іс-қимылды күшейту.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы облысының алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсету мекемелерінің психиатр-дәрігерлері, наркологтар, клиникалық психологтар және ЖИТС орталығының мамандары қатысты.

Қатысушылар психоактивті заттарды қолданудың алдын алуға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және тиімді тәжірибелермен бөлісті. Ерекше назар – жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелділік қаупін ерте анықтау және алдын алу саласындағы құрылымдар арасындағы үйлесімділікке аударылды.

ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі И. Ибраимов 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер арасында АИТВ жұқтыру жағдайларының аздап өскенін атап өтті.

ЖИТС орталығының эпидемиологы Л. Танабаева негізгі топтармен жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы, атап айтқанда, доконтактілі профилактика (PrEP) мүмкіндіктері, оның тиімділігі және АИТВ жұқтыру қаупін едәуір төмендетуге ықпалы туралы баяндады. Психикалық денсаулық орталығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.Сейтказинова
2025–2026 жылдарға арналған психикалық денсаулық сақтау қызметін жаңғырту жөніндегі жол картасын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдарды ұсынды.

«Алдын алу жұмыстары — бұл тек мамандардың жұмысы ғана емес, бүкіл жүйе қатысушыларының ортақ жауапкершілігі. Тек күш біріктіре отырып, біз тұрақты нәтижелерге қол жеткізе аламыз», — деп қорытындылады И. Ибраимов.