Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мен анамын әрі жармын, екі керемет балам бар. Үлкенім үш жасқа толар-толмас кезде, күйеуімнен – балаларымның әкесінен – АИТВ анықталды. Одан кейінгі сәттердің бәрі тұман сияқты еді: талдаулар, дәрігерлер, қайта-қайта тексерулер, психологтар… «Мен өлімші науқаспын» деген ойды қабылдау өте ауыр болды. Тіпті ата-анам мені тірідей жоқ қылғандай күй кештім.

Содан бері 10 жылдан астам уақыт өтті. Бүгінде менің мықты отбасым бар, балаларым өсіп келеді. Кішкентайыма жақында бес жас толады – ол да мүлде сау. Біз қиындықтардан өттік, кейде жақын адамдардан да түсінбеушілік пен теріс пікір естідік.

Бірақ мен ең басты нәрсені ұқтым: ВИЧ – бұл үкім емес. Бұрын ойлағанымдай өлім жазасы емес. Дұрыс ем қабылдаса, толыққанды әрі белсенді өмір сүруге болады. Әрине, стигмаға байланысты мен диагнозымды бәріне бірдей айта бермеймін – оны ата-анам мен ең жақын достарым ғана біледі. Бірақ өзімді қабылдауды, өмірді сүйіп, бағалауды үйрендім.

Мен сенемін: өмірде ештеңе жайдан-жай болмайды. Бұл диагноз да мені өзгертті, шынықтырды. Өзімді жақсы көруге, болашағыма сеніммен қарауға үйретті. Болашақта, 15 жылдан соң, менің немерелерім болады деп ойлаймын. Сол кезде де мен әлі жас, әдемі әрі жігерлі боламын. Біз үлкен жарық үйде, теңіз жағасында, жылы елде тұрамыз. Көп саяхаттап, отбасыма уақыт арнаймын.

Ең бастысы – дер кезінде тексеріліп, Алматы облыстық ЖИТС орталығында дәрігердің бақылауында болу және дәрілерді қабылдау. Оның үстіне ем тегін көрсетіледі!

Өмір жалғасады, ол әлі де әдемі.