Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылдың ақпан айының басында Алматы облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы аумағында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Жамбыл көпбейінді аудандық орталық ауруханасының мамандарымен бірлесе өткізілді. Атап айтқанда, нарколог дәрігер Т. Кулумбетов, акушер-гинеколог Р. Кадырова, психолог А. Тунгушбаева, салауатты өмір салты (СӨС) валеологы А. Сатова қатысып, өз бағыттары бойынша мазмұнды ақпарат ұсынды.

Дөңгелек үстелге Жамбыл ауданының орта білім беретін мектеп директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, биология пәні мұғалімдері және мектеп медбикелері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагог қызметкерлердің АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, оның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде кешенді ақпарат беру болды.

Кездесу барысында медицина мамандары АИТВ инфекциясының қазіргі таңдағы эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары, қорғану тәсілдері, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар білім беру ұйымдарында оқушылар арасында алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, педагогтерді мазалаған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Мұндай кездесулер білім беру ортасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және жас ұрпақтың қауіпсіз мінез-құлқын дамытуға ықпал етеді.

Дөңгелек үстелге барлығы 111 адам қамтылды.