2025 жылдың маусым айында ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов Алматы облысына қарасты бірнеше ауданда АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, Іле және Қарасай аудандарында орналасқан №2125, №2466, №73652 әскери бөлімдердің қызметкерлерімен семинарлар ұйымдастырылып, барлығы 328 әскери қызметкер қамтылды. Семинар барысында маман АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы толық ақпарат беріп, қатысушылардың сауалдарына жан-жақты әрі нақты жауаптар ұсынды.
Сонымен қатар, Жамбыл ауданының Ішкі істер бөлімі қызметкерлері үшін де осындай бағыттағы семинар өткізілді. Аталған іс-шараға 150 адам қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – ІІБ қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы жайлы білім деңгейін арттырып, инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған шараларды түсіндіру болды.
Жүргізілген семинарлар АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Мұндай іс-шаралар жұқпалы аурулар туралы қоғамның ақпараттылығын арттырып, аурудың таралу қаупін азайтуда маңызды рөл атқарады.