2024 жылғы 27 қарашада сағат 8.30-дан 15.30-ға дейін Алматы қ., Қазан к-сі, 33 (үшінші қабатта холлда) мекен жайы бойынша адамның иммун тапшылығы вирусына халықты ерікті түрде тестілеу мақсатында ашық есік күні өтті. Іс-шара 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Кез-келген адам АИТВ-ға тест тапсырып, қан қысымын өлшеп, электрокардиографиядан өтіп, инфекционист, дерматовенеролог, терапевттен кеңес ала алады. 36 адам тексерістен өтті.
Сонымен қатар, халықтың негізгі топтары үшін жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен В және С гепатиттерін тексеруге мүмкіндік алды.
Келушілерге мүшеқаптар, лубриканттар, толық түсіндірмелі ақпараты бар ақпараттық-білім беру материалдары ұсынылды.