Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Дүниежүзілік ЖИТС күні қарсаңында жасалатын науқан аясында Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары, Қарасай, Іле аудандарының орта білім беретін мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және биология пән мұғалімдері мен мектеп медбикелері арасында, аудандық орталық аурухана дәрігерлермен бірлесе дөңгелек үстелдер ұйымдастырды. Жалпы қамтылған адамдар саны- 350  адам қамтылып, 500 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Іс – шараның негізгі мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу, жастар арасында жауапты мінез-құлықты қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушіліктің алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың осалдығына әсер ететін және медициналық қызметтерге қол жеткізуге кедергі келтіретін факторларды жою.

Кездесу барысында ЖИТС орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Л. Абдукаримова республикада, облыста АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай және АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы ақпарат берді, сондай-ақ барлығына өзін инфекциядан қалай қорғау керектігін түсіндірді. АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандыратын бейнелер көрсетілді, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмірлік жағдайларынан нақты мысалдар келтірілді. «АИТВ-ның алдын алу бойынша оқушылардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру» және «Қоғамда және отбасында АИТВ» тақырыбында баяндамалар аудиторияның жақсы реакциясына ие болды. Іс-шара барысында педагогтардың сұрақтарына жауаптар берілді. Семинарға дейін және одан кейін тест сұрақтарына жауаптар алынды