2025жылдың8айындаАлматыоблысындаАИТВ-мен өмір сүретін24әйелдебосанутіркелді.Барлықжүкті әйелдер антиретровирустықпрофилактиканыңтолықкурсыналды-қамту100% құрады.
24 бала дүниеге келді, олардың әрқайсысы антиретровирустық профилактиканың толық курсын алды. Осылайша, жаңа туған нәрестелерді қамту 100 % құрады.
Заманауи терапияның тиімділігі расталады: АИТВ-мен өмір сүретін және антиретровирустық ем қабылдайтын адамдар Анықталмайтын вирустық жүктемеге жетеді және вирусты серіктестеріне таратпайды.
Емдеудің қамтылуы мен сапасының арқасында аймақта АИТВ-ның анадан балаға тік берілуіне жол берілмейді. Соңғы екі жылда балаларға АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. ЖИТС — тен болатын өлім-жітім өте төмен деңгейде қалып отыр-100 мың тұрғынға шаққанда 0,3%.
Алматы облыстық ЖИТС орталығында АИТВ-мен өмір сүретін 2 782 адам есепте тұр. Оның 2700-і антиретровирустық терапия алады. Емдеумен қамту өткен жылы 87% — ға қарағанда 90% — ға дейін өсті, терапияның тиімділігі 90% — ға жетті. Бұл адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді және вирустың таралуына жол бермейді.
АИТВ-мен өмір сүретінадамдарарасындаСвирустықгепатитінемдеуде деоңдинамикабайқалады:қамту2024жылы5%-дан2025жылы22% — ға дейін өсті.
Халықтың негізгі топтары — секс-жұмыскерлер, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, есірткі қолданатын адамдар және транс-адамдар арасында алдын-алу маңызды бағыт болып қала береді. Бүгінде 271 адам байланысқа дейінгі профилактикамен қамтылды.
АлматыоблыстықЖИТС орталығы: емдеуменқамтудыңөсуі, АИТВ-ның тікберілужолыныңболмауыжәнеСвирустықгепатитітерапиясынақолжетімділіктіңкеңеюі—бұл денсаулық сақтау жүйесініңүйлесімдіжұмысыныңнәтижесі және өңірдіңқоғамдықденсаулығыннығайтудағымаңыздықадам екенін атап көрсетеді.
Алда-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап, жаһандық мақсатқа: 2030 жылға қарай АИТВ-ның таралуын тоқтатуға мүмкіндік беретін алдын алудың заманауи әдістеріне қолжетімділікті кеңейту және халықтың негізгі топтарын қамту міндеті тұр.
БАҚ үшін байланыс: Алматы облыстық ЖИТС орталығының баспасөз қызметі- Самал Кеңшілікқызы Кожалимова
Тел.: +7 (778) 440 -98-10
Email: hafiza251018@gmail.com
Сайт: https://almaty-obl-aids.kz/ru/
