Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары «ALPHA PLAST» ЖШС, «Алматы өнімі» ЖШС және «Интеллсервис» ЖШС басшылары мен қызметкерлеріне «Бизнес құрылымдары арасында АИТВ инфекциясын алдын алу шаралары» тақырыбында дәрістер өткізді.
Дәріс барысында тыңдаушыларға инфекцияның берілу жолдары, республика мен Алматы облысындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, қатысушылар стигма мен кемсітушілік, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды құқықтық қорғау туралы ақпарат алып, АИТВ-ны тексеру және емдеу бойынша сұрақтар қойды. Қатысушыларға ақпараттық білім беру материалдары мен жеке қорғаныс құралдары таратылып, 345 адам қамтылды. Жоғарыда аталған бизнес ұйымдардың 160-тан астам қызметкері АИТВ-ға тексерілді.
— «Жұмыс орнындағы кез-келген АИТВ бағдарламасының маңызды элементтері білім деңгейін үнемі арттыру, ақпарат тарату және білім беру болып табылады. Мұндай іс-шаралар инфекцияның таралуымен күресуге көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін жұмысшыларға төзімділіктің жоғары деңгейін дамытуға ықпал етеді. Осындай жұмыс арқылы компаниялар көзқарасты және ең бастысы мінез-құлықты өзгерте алады»- деп атап кетті дәрігер эпидемиолог А. Ибраимова.