Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

АлматыоблыстықЖИТСорталығы Алматы облысының Іле және Жамбылаудандарыныңәскерибөлімдерінекөшпелісеминарларұйымдастырды.Бірайдапрезентациялармен,көрнекіматериалдармен – Алматыоблысының12әскерибөлімі, 1800 — ден астамқызметшілермен келісімшартшылар қамтылды,3837ақпараттық-білім беру материалдарыжәне88плакаттаратылды.

Әскери қызметшілерге профилактикалық жұмыс бөлімінің дәрігерлерімен АИТВ-инфекциясы туралы ақпарат беретін бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмірлік жағдайларына нақты мысалдар келтірілді. Алматы облысының 2024 жылғы эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат берілді. АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу жолының өсуіне, жас адамдар арасында аурудың таралуына ерекше назар аударылды. Жұқтыру жолдары мен факторлары және АИТВ берілмейтін жағдайлар айқын көрсетілді. Осындай іс-шаралар тұрғындармен профилактикалық жұмыс жоспарына сәйкес Алматы облысының барлық әскери бөлімдерінде өтеді. Тараптар мұндай ақпараттың маңыздылығын атап өтіп, келесі кездесулер туралы келісті.