Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылғы 29 шілдеде Алматы облысында «Жастар денсаулығын сақтау және АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Алматы облыстық ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары аудандық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы жастар денсаулығы орталығының дәрігерлерімен бірлесе ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ АИТВ туралы ғылыми негізделген білімді насихаттау болды. Ерекше назар жастар өз денсаулығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап ала алатын қауіпсіз ақпараттық ортаны құруға аударылды.

Кездесу барысында ЖИТС орталығының мамандары мен жастар денсаулығы орталығының дәрігерлері кеңес өткізіп, ашық диалог ұйымдастырды және кәсіби тәжірибелерімен алмасты. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, бейресми жағдайда білікті жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды.

ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Л. Абдукаримова мекемелер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, келесі жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын құруды ұсынды. Оның айтуынша, күш біріктіру жастар арасында алдын алу жұмысын күшейтіп, АИТВ туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигматизация деңгейін төмендетуге және жас ұрпақ арасында жүйелі алдын алу шараларын дамытуға ықпал етеді.

Конец формы