15-16 қазан 2024 жылы алдын алу жұмыстары бөлімінің мамандары Кеген ауданындағы білім басқармасымен бірлесе «Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ауданның С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясы, Қарқара, Ө.Жанабаев, І.Жұмағұлов атындағы орта мектебі және К.Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізді.
Эпидемиолог дәрігерлер Л.Абдукаримова, Т.Мырзағұлова, Н.Касымов жасөспірім жастарға АИТВ инфекциясы жайлы түсінік беріп, елдегі, облыстағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, жұқпаның берілу жолдарын түсіндірді. Қатысушылар өздері қызықтырған сұрақтарға жауап алды, семинар соңы ашық сұхбатқа ұласты.
Іс-шараларға 30 мұғалім және 417 жас қамтылды. 450-ден аса оқу ақпараттық материалдары таратылды.