Created: 15 Қыркүйек 2021
252

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары туралы

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары туралы

 

13 қыркүйек 2021ж. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Алматы облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары туралы» онлайн -баспасөз конференциясы өтті.

Баяндамашылар: Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов,  Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  Ерғали Сыдыманов, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары  Арман Жансеңгіров.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 12 қыркүйегіне дейін Алматы облысында COVID-19-ның зертханалық расталған 47 082 жағдайы тіркелді, халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш 2202,8.

Соңғы аптада (6 қыркүйектен 12 қыркүйекке дейін), алдыңғы аптаға қарағанда (30 тамыздан 5 қыркүйекке дейін) сырқаттанушылықтың 5% төмендеуі байқалды (2152 -ден 2046 жағдайға дейін).

Соңғы 7 күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық коэффициенті 94,4, репродуктивті саны Rt 0,95 құрады.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы қызыл аймақта.

Өткен тәулікте 218 жағдай тіркелді.