Created: 20 Қыркүйек 2021
65

Жоба аясында талғарлық оқушылармен семинар өтті

Бүгін, 20 қыркүйек 2021ж. АИТВ-инфекциясының эпидемиясына тартылған балалар мен жасөспірімдер, олардың ата-аналары үшін психо-элеуметтік қолдау мен бейімделуді дамыту жобасы аясында Талғар аудандық С.Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен онлайн-семинар өтті.

Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің мамандары Л.Әбдікәрімова мен М.Мырзатаева АИТВ жайлы қысқаша түсінік беріп, оның ЖИТС-тан айырмашылығы мен басты таралу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ, оқушылар дискриминация мен стигма ұғымдары жайлы мағлұмат алды.

Семинар соңында дәрігерлер жасөспірімдер сұрақтарына жауап берді.