Created: 06 Қазан 2021
58

«Bioneer» кореялық корпорациясының өкілдері тренинг өткізді

2021 жылдың 28-29 қыркүйегінде «Bioneer» кореялық корпорациясының өкілдері Алматы облыстық ЖИТС орталығы зертханасының қызметкерлерімен тренинг өткізді.

Оңтүстік Корея - медицина мен диагностика саласында жаңа технологияларды қолданатын көшбасшы елдердің бірі.

Ye Sanghyeuck пен Shin Youngmin, Cho Sunyeon аудармашысының көмегімен жұқпалы ауруларды анықтауға арналған нақты уақыттағы ПТР-ге негізделген автоматтандырылған ExiStation ™ жүйесін таныстырды.