Created: 12 Қазан 2021
40

10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні

Бұдан екі жыл бұрын елімізде жаңа мереке: 10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні пайда болды. 

Кәсіподақ – жұмыс істейтін халықтың еңбек және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қорғайтын ұйым. Оның тиімділігін әлемдік тәжірибе де дәлелдеді, кәсіподақтар ұйымы әр ұжымда болу керектігін Елбасы да атап өтті. 

Біздің облыстық ЖИТС орталығы ұжымында 87 кәсіподақ мүшесі бар, оның қатары жыл сайын жас мамандармен толығуда.

Бүгін орталығымыздың басшысы Б.Сауранбаев ұжымды мерекемен құттықтап, Алматы облысының кәсіподақтар орталығы жолдаған марапаттарды иелеріне тапсырды. Атап айтқанда,  ҰӘБ меңгерушісі А.Ибраимова мен медбике А.Сатылғанова Құрмет грамотасымен, ал директордың емдеу-алдын алу ісі бойынша  орынбасары А.Масалимов, эпидемиолог дәрігерлер: Б.Аталықова, Г.Жақанова, медбике М.Баткалова Алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелеріңізбен, әріптестер!