Created: 08 Желтоқсан 2021
314

АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

7 желтоқсан 2021 жылы Талдықорған қалалық №2 емхана емделушілері мен қызметкерлері үшін АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша Ашық есік күні өткізілді.

Ұйымдастырушыларлың мақсаты – тұрғын халықтың назарын АИТВ жұқпасына аудару, жұқпаны жұқтыру себептері жайлы ақпараттандыру, кемсітушілікті болдырмау, медициналық көмекке уақтылы жүгіну, өзіңнің және жақындарыңның денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Талдықорған бөлімшесінің мамандары Р.Ақашева мен И.Баймолданов емделушілерге кеңестерін беріп, жедел тестілеуден өтуді ұсынды.

144 АОҚ мен сонша мүшеқап таратылды.