Created: 13 Желтоқсан 2021
39

Біздің дәрігерлер волейболдан дәстүрлі жарысқа қатысты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы  медициналық колледж спорт залында Алматы облыстық медицина мекемелері мамандары арасында волейболдан дәстүрлі жарыс өтті.  Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің «Сенім» салалық кәсіптік одағы  ұйымдастырған  мерекелік сайысқа Алматы облыстық ЖИТС орталығының ұжымы да қатысып,  спортпен достығын көрсетті.

Төрт топқа бөлініп өзара сайысқа түскен 18 команда ішінде шалғай аудандардан келген дәрігерлер де бар.