Created: 22 Желтоқсан 2021
36

Қан орталығымен дөңгелек үстел өтті

Бүгін Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары Облыстық қан орталығы және аудандық, қалалық ауруханалар қызметкерлерімен онлайн дөңгелек үстел өткізді. Онда 2021-2023 жж. арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес ағымдағы жылда атқарылған істерге қорытынды жасап, туындаған сұрақтарды талқылады. ЭҚБ меңгерушісі Д.Ибраимов пен эпидемиолог дәрігер С.Нұрлыбаев соңғы эпиджағдайды баяндаса, зертхана меңгерушісі А.Абуова ИФА, ПТР әдістеріне биоматериал алу, сақтау және тасымалдау ережелеріне тоқталды.