2022 жылдың 18 мамырында «Талдықорған облыстық жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры облыстық ЖИТС орталығымен бірлесіп Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған акция өткізді.
Акцияның мақсаты: АИТВ-инфекциясымен байланысты мінез-құлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, мәселеге қызығушылықты ояту.
«ТРФСЗ» ҚҚ директоры С.О.Садуақасованың құттықтау сөзінен кейін АО ЖИТС орталығының маманы Р.Б.Акашева АИТВ/ЖИТС, Еске алу күнінің мәні, атрибуттары – көрпе және қызыл лента туралы айтып өтті.
Қатысушылар сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.
Акция шырақ жағумен аяқталды.
https://almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/1331-zh-myspen-amtu-a-zh-rdemdesu-orymen-aktsiya-tti#sigFreeIda049b25c0c