Created: 07 Қыркүйек 2022
22

Жастар жұқпадан аман болсын деп

Жастар жұқпадан аман болсын деп...

Жуырда №40398 әскери бөлімінің барша Отан қорғаушы сарбаздары үшін денсаулық сағаты ұйымдастырылды.

Сапта сымдай тартылып тұрған сарбаздар Алматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған бөлімшесінің мамандары айтқан мәліметті сілтідей тынып тыңдады.

Жастардың жұқпалы дертті бей-берекетсіз  жыныстық қатынас арқылы жұқтырып жатқанын жеткізген дәрігерлер одан сақтану шараларын, облыстағы эпидемиологиялық ахуал барысын түсіндірді. 

Іс-шара соңында командир пайдалы кеңес үшін мамандарымызға алғысын білдірді.

Тыңдаушылар саны -190 адам.