Created: 09 Қыркүйек 2022
22

Жұмыскерлердің АИТВ жайлы білімін толықтырды

Алматы облыстық ЖИТС  орталығы алдын алу бөлімінің мамандары А.Сұлтанова мен Л.Абдукаримова Қонаев қаласы, Заречный кентіндегі «Пеноплекс» пен «Henkel» ЖШС-тері жұмыскерлерімен АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша семинар өткізді.

Семинарда АИТВ-инфекциясы, таралу жолдары және қорғану шаралары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, дәрігерлер жиналғандардың назарын АИТВ жұқтырған адамдарға төзімділікпен қарау мәселесіне аударды. Себебі АИТВ адамның жынысына, әлеуметтік мәртебесіне я жасына қарамай, бәріне бірдей әсер етеді. 

Шара барысында 228 адам АИТВ және ЖИТС бойынша білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.