Created: 19 Қыркүйек 2022
233

ЖШС жұмыскерлермен АИТВ жұқпасы жайлы семинар

Қыркүйектің 15-жұлдызында Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің эпидемиологы Ләззат Абдукаримова «Бағашар Мекен», «СД и КО», «Полимер метал-Т» ЖШС-тері жұмыскерлерімен АИТВ жұқпасы жайлы семинар өткізді.

Дәрігер АИТВ жұқпасының аймақтағы эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып, жұқпаның берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берді.

Тақырыптық бейнефильм тамашалаған соң қатысушылар сұрақтарын қойып,  жедел тестілеуден өтуге тілек білдірді.

Іс-шараларға 280 адам қамтылды.