Created: 20 Қыркүйек 2022
17

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

21  қыркүйек 2022 жылы сағат 10:00-де ШЖҚ «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК мамандары Іле аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізбек.

Тақырыбы:  «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу».

Өтетін орны: Өтеген батыр ауылы, №13 мектептің мәжіліс залы.

Қатысушылар: Іле ауданының орта білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.

Ұйымдастырушылар: Алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі - Г.Жаканова, эпидемиолог дәрігер – А.Сұлтанова, Іле аудандық білім бөлімінің жауапты маманы - №13 орта мектеп директоры А.Керимкулова.

Спикерлер:

  • Нурбаева Ақбота Биржановна, Іле аудандық ауруханасының акушер-гинекологы – «Жасөспірім кездегі жүкті болудың зияны мен салдары»;  
  • Ахипов Мейірбек Зулхайдарұлы, Іле аудандық ауруханасының нарколог дәрігері – «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен шылымқорлық».
  • Гүлмира Аманқасовна Жаканова, Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі - «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу».

2022 жылдың 6 айында облыста Қазақстан Республикасының азаматтары арасында 175 АИТВ жұқпасын жаңадан жұқтырғандар тіркелді. Өткен 2021 жылмен салыстырғанда  биыл 23 жағдайға өскен.

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АИТВ-инфекциясын жұқтыру жағдайларының өскені келесі аймақтарда байқалады: Іле, Көксу аудандарында 5 жағдай, Панфилов, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында 4 жағдай,  Ұйғыр, Жамбыл аудандарында 3 жағдай, Кербұлақ ауданында 2 жағдай, Қаратал, Кеген аудандарында  1 жағдай. 

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АИТВ жұқтырғандарды тіркеу Талдықорған қаласында 8 жағдайға, Қонаев қаласында 3 жағдайға, Ақсу, Алакөл аудандарында 2 жағдайға, Ескелді ауданында 1 жағдайға азайған.

14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жұқтыру жағдайы (Іле ауданы), 2021 жылдың осы кезеңінде АИТВ-инфекциясы 2 балада (Жамбыл ауданы) анықталды.

Баспасөз хатшысы

Г.Т.Шонабай,

87471632925