Кеше, 21 қыркүйек 2022ж. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы алдын алу жұмыстары бөлімінің мамандары Іле аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен дөңгелек үстел өткізді.
Тақырып - «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу».
Өтеген батыр ауылы, №13 орта мектептің мәжіліс залына жиналған мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жастар денсаулығына жауапты мамандардың жартыжылдық жұмыс қорытындысын тыңдады. Мәселен, акушер-гинеколог А.Нурбаева қыз балалардың ерте жүкті болып қалу проблемаларына назар аудартса, нарколог М.Ахипов жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен шылымқорлықтың жолын кесуге шақырды. Алдын алу бөлімі меңгерушісі Г.Жақанова АИТВ жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Ұстаздар сұрақтарын қойып, кездесу пікірталасқа ұласты.
https://almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/1447-d-gelek-stelde-zhastar-densauly-yn-tal-ylady#sigFreeIdcce8b2cf7f