Created: 19 Қазан 2022
170

Іле ауданында аллын алу жұмыстары жүрді

10-14 қазан 2022 жылы Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу жұмыстары  бөлімінің мамандары А.Сұлтанова, Л.Абдукаримова Іле ауданы білім мекемелерінде АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Өтеген батыр кентіндегі М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп, №24 мектеп-лицей, Жәпек батыр ауылындағы №4, Боралдай ауылдық №39 мектеп, сондай-ақ осы ауданның жеті білім ұясының 11-сынып оқушыларымен кездесу өтті.

АИТВ жұқпасы, ЖИТС індетінің шығу тарихы, жұқтыру жолдары, алдын алу шаралары жайлы қысқаша мәлімет берген дәрігерлер жасөспірімдерге мінез-құлықтарын дұрыстап, жаман әдеттерден аулақ жүрсе, аурудың да ауылы алыс екенін ұғындырды. 

Семинар соңы қызықты сұрақтарға жауап беруге ұласты.