Created: 15 Қараша 2022
220

«Теңдік уақыты» ұранымен іс-шаралар басталды

7-11 қараша 2022 жылы Райымбек, Кеген аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен ұстаздары үшін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен семинарлар өткізілді.

Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы алдын алу бөлімінің мамандары А.Сұлтанова мен А.Кенжебекова оқушылардың АИТВ/ЖИТС жайлы білім деңгейін викториналық сұрақтар арқылы тексеріп, тақырыптық бейнефильм көрсетті. Жұқпаның берілу жолдары мен эпидемиологиялық жағдай сараланды.

Іс-шараларға барлығы 386 мұғалім, 1336 оқушы қамтылды.