Created: 15 Қараша 2022
149

Әскерилер арасында АИТВ жұқпасының алдын алу

11 қараша 2022 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Сүмбе, Қостөбе, Қарқара, Нарынқол, М.К.Меркулов атындағы шекара бөлімшелері, №97617В әскери бөлімі, №7 және №30 өрт сөндіру бөлімдері  қызметкерлерімен АИТВ жұқпасы жайлы семинарлар өткізілді.  

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығының эпидемиолог дәрігері Арайлым Кенжебекова аймақтағы эпиджағдайға тоқталып, берілу жолдары мен диагностикасы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген стигма мен кемсітушілік жайлы айтып берді.

Кездесу өте әсерлі өтті, бірнеше сұрақтар қойылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Қамту – 327 адам.