Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлiмi мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай онкүндік ic-шараларын жалғастыруда.
22 қараша 2022ж. Облыстық Денсаулық орталығы және Талғар аудандық орталық аурухана мамандарымен бірлесiп, Талғар ауданының колледж студенттері мен оқытушылары үшін "Теңдік уақыты" ұранымен семинар өтті.
Эпидемиолог дәрігер Айгерім Сұлтанова онкүндік мақсатын түсіндіріп, жастар арасындағы АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары жайлы айтып, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.
https://almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/1468-tal-arly-zhastarmen-kezdesu#sigFreeId5667745661