Created: 26 Қараша 2022
141

Онкундікке орай Еңбеккшіқазақ ауданында волейболдан жарыс өтті

1 желтоқсан -Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай облыста өтіп жатқан онкүндік құрметіне  орай 2022 жылдың 23 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының спорт кешенінде аудан колледждері студенттері арасында волейболдан жарыс өтті.

Жарысты Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарымен бірлесіп ұйымдастырды.

Алдымен алдын алу бөлімі меңгерушісі Л.Абдукаримова мен эпидемиолог-дәрігер А.Кенжебекова Дүниежүзілік күннің мән-маңызын айтып өтті, ал Жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Әбіт пен салауатты өмір салты дәрігері А.Нсанбаева жастарға табыс тіледі.

Тартысты жарыс қорытындысында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі 1-орынды жеңіп алып, кубокты иеленді. Жетісу заң колледжі мен Есік медициналық колледжіне 2 және 3-орындар бұйырды. Ал Есік кәсіптік-техникалық колледжі спортшылары алғыс хатпен марапатталды.