Created: 26 Қараша 2022
147

АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

24 қараша 2022ж. Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасында келушілер үшін АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша Ашық есік күні өткізілді.

Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары бұл шараны 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күініне орайластырып, ауданның инфекционист, нарколог, гинеколог дәрігерлерімен бірлесе ұйымдастырды.

Дәрігерлер 70-ке жуық адамның жалпы денсаулығын тексеріп, ақыл-кеңестерін берсе, жұқпалы аурулар кабинеті медбикесі К.Батырбекова 56 адамға АИТВ жұқпасына жедел тестілеу жасады. 576 дана мүшеқап, 200 дана ақпараттық-оқыту құралдары таратылды.