Created: 10 Наурыз 2023
17

Сарбаздар үшін семинарлар өтті

Наурыз айы басталысымен Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары аймақтағы бірнеше әскери бөлімдерді аралап, бірқатар семинарлар өткізді.

Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау.

1 наурыз 2023ж. эпидемиолог дәрігер Арайлым Кенжебекова №26363, №54179, №86621 әскери бөлімдердің қаз - қатар сапқа тұрған сарбаздарына АИТВ - ның алдын алу, соның ішінде иммун тапшылығы вирусының берілу жолдары, инфекциядан қалай қорғану керектігі жайлы айтып берді. Сондай - ақ, көпшілік тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Бүгінгі таңда АИТВ - ға тексерілу, жауапкершілік, адамгершілік және салауатты өмір салты маңызды аспектілер болып табылады деген қорытынды жасалды.

Іс - шараларға 321 адам қамтылды.