Created: 10 Наурыз 2023
169

Іле аудандық медицина қызметкерлеріне оқыту семинарлары өтті

9 - 10 наурыз күндері Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Іле ауданына қарасты Қараой, Түймебай, Ынтымақ, Қоянқұс, Жаңадәуір ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларының медициналық қызметкерлерімен кездесіп, АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша оқыту семинарларын өткізді.

Емдеу - алдын алу бөлімінің фтизиатр дәрігері Б.Керуенова АИТВ жұқпасының, этиологиясы, клиникасы және алдын алу іс - шаралары жайлы қысқаша мәлімет берді.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігері Меруерт Чажаева эпидемилогиялық және апаттық жағдайдағы медицина қызметкерлерінің іс - әрекет алгоритміне тоқталды. Сондай - ақ, ҚР ДСМ №6 бұйрығын, медициналық мекемелерде АИТВ жұқпасына ИФТ тестілеу әдісіне қан алу, биологиялық сұйықтықтарды сақтау және тасымалдау ережелерін түсіндірді. Семинарда жүкті әйелдерді АИТВ инфекциясына тексерудің өзекті мәселелері де тыс қалмай, соңы сұрақ - жауапқа ұласты.