Created: 14 Наурыз 2023
50

Бизнес - құрылымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу

Бүгін, 2023 жылдың 14 наурызында, Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Ерден Нұрмағанбетов Қарасай ауданының бизнес құрылымдары: «Хамле», «Алатау жарық» компанияларының  қызметкерлері мен жұмыскерлері  арасында семинарлар өткізді.

Іс-шараларды өткізу мақсаты: АИТВ-ның таралу проблемасына қызметкерлердің назарын аудару.

Семинар барысында қатысушыларға Алматы облысы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, сондай-ақ инфекцияның берілу жолдары және жұқтырудың алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

Маман АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі бизнес - құрылымдардың басшыларын АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттандыру, еңбек қатынастары саласында кез келген кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-сі оң қызметкерлер анықталған жағдайда құпиялылықты қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

Барлығы 910 адам оқытылды.