16 наурыз 2023 жылы сағат 10:00-да және 12:00-де ШЖҚ «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК мамандары Талғар аудандық ауруханасының нарколог, гинеколог, психолог дәрігерлерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізбек.
Тақырыбы: «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу».
Өткізілетін орны: Талғар қаласы, №32 орта мектептің мәжіліс залы.
Қатысушылар: Талғар аудандық орта білім беретін мектеп директорлары мен директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, биология пәні мғұғалімдері.
Ұйымдастырушылар: Алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Сұлтанова және Талғар аудандық білім бөлімінің маманы Ү.Джусанбаева.
Спикерлер және баяндама тақырыбы:
- Талғар аудандық ауруханасының гинеколог дәрігері Л.Наурызбаева – «Охрана репродуктивного здоровья подростков и молодежи»;
- Талғар аудандық ауруханасының валеолог маманы А.Ақылбекова - «ВАЙП. Вредь для здоровья»;
- ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Сұлтанова - «Жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу»;
2022 жылдың 31 желтоқсанына дейіңгі эпидемиологиялық жағдай бойынша Алматы облысында АИТВ-инфекциясымен 3249 жағдайы тіркелсе, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 51 жағдай есепте тұр.
2022 жылдың 12 айында облыс азаматтары арасында 266 жаңа науқас анықталды, яғни 100 мың халыққа шаққандағы таралу көрсеткіші 18,4 құрады.