20 мамыр 2023 жылы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы - Есік қаласында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Дүниежүзілік күніне орай халықтың негізгі топтары арасында семинар болып өтті.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог дәрігері Т.Мырзағұлова, Сенім бекетінің медбикесі Л.Касымова, Достық кабинеті дәрігері - дерматовенеролог А.Божейова ХНТ өкілдерінің назарын Дүниежүзілік күннің маңызы мен міндетіне аударды.
Семинарда 20 адам АИТВ-ға жедел тестілеуден, ал жыныстық жолмен берілетін инфекциялар бойынша 5 адам тексеруден өтті.
https://almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/1598-khaly-ty-negizgi-toptarymen-seminar-tti#sigFreeIdad433f3611