Created: 22 Мамыр 2023
141

Эпидемиологтар медқызметкерлер үшін семинар өткізді

   19 мамыр 2023 жылы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығының эпидемиологиялық қадағалау  бөлімі мен  емдеу-алдын алу бөлімінің мамандары Жамбыл ауданы,  Ұзынағаш ауылындағы аудандық орталық аурухананың медицина қызметкерлерімен  семинар өткізді.

«АИТВ жұқпасының эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және алдын алу іс-шаралары» атты семинарда эпидемиолог дәрігерлер А.Ахметбеков пен  М.Чажаева  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына сәйкес эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АИТВ-ға тексеру жағдайын түсіндірді. 

Ал жұқпалы аурулар дәрігері Қ.Бимұрзаева апаттық жағдайдағы медицина қызметкерлерінің іс-әрекет алгоритміне тоқталды.

Мамандар бұдан соң қатысушылар сұрақтарына жауап берді.

Қамту – 84 адам.