Created: 20 Қазан 2023
64

Ұйғыр ауданы дәрігерлерімен бірлескен дөңгелек үстел өтті

19 қазан 2023 жылы Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу жұмыстары бөлімінің мамандары Ұйғыр ауданының орталық ауруханасы дәрігерлерімен бірлесе Шонжы ауылындағы И.Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектептің мәжіліс залында «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізді.

Ұйғыр аудандық білім бөлімінің жауапты маманы А.Алимпияева орта білім беретін мектептер директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  мен медбикелері жиналған іс-шараны кіріспе сөзбен ашып, жастар денсаулығын қадағалау ортақ міндет екенін алға тартты.

Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының гинеколог дәрігері А.Маркабаева жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің зияны туралы, ал нарколог дәрігер Э.Ашимов жастарды нашақорлықтан сақтандыру жолдарын ортаға салып, 2022-2023 жылдардағы көрсеткіштерді салыстыра шолу жасады.

Жиынды ЖИТС орталығы маманы Л.Абдукаримова қорытындылады.

Сондай-ақ, эпидемиолог Т.Мырзағұлова  И.Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары жайлы дәріс оқыды.