24 қазан 2023 жылы Алматы облыстық ЖИТС орталығында 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік жиналыс өтті.
Орталық директоры А. Масалимов пен директор орынбасары Г. Жақанова ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, отбасында бақыт, еңбекте табыс тіледі.
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісі С. Кожалимова ұлттық мереке ретінде ел тарихына енген айтулы күн жайлы слайдпен таныстырды. Зертхана меңгерушісі А.Абуова, эпидемиолог А.Ахметбеков, эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская әріптестерін мерекемен құттықтады.
Жұқпалы аурулар дәрігері С.Махмутова ҚР Халық Ассамблеясы өткізген Жастар слеті жайлы әсерін айтып, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді.
Орталық директоры зертхана маманы М.Мұқашеваға ҚДЖАҒО басшысы
Б. Байсеркиннің алғыс хатын тапсырды. Сондай-ақ эпидемиолог Е.Нұрмағанбетов пен жұқпалы аурулар дәрігері З.Юлдашеваны алғыс хатпен марапаттады.
https://almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/1740-respublika-k-ni-atalyp-tildi#sigFreeIdfbe8d0ff32