Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары 26 қазан 2023 жылы облыстық тері-венерологиялық диспансері медициналық қызметкелеріне арнап оқыту семинарын өткізді.
Семинар тақырыбы: «АИТВ жұқпасының этиологиясы, эпидемиологиясы, диагностикасы, клиникасы және алдын алу іс-шаралары».
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің маманы А.Ахметбеков ҚР ДСМ бұйрықтарына сәйкес эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АИТВ жұқпасына тексеру, т.б. жайлы айтып өтсе, емдеу-алдын алу бөлімінің маманы С.Махмутова АИТВ жұқпасымен өмір сүретін науқастардың АРТ-ға бейімділігі, оларға медициналық көмек көрсету жағдайын түсіндірді.