Created: 15 Қараша 2023
21

«Қауымдастықтарға көшбасшылық» тақырыбында 1 айлық науқан басталды

1 желтоқсан- Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Қауымдастықтарға көшбасшылық» тақырыбында 1 айлық науқан басталды

 

9 қараша 2023 жылы Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын - алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері Н.Касымов пен И.Сағынгелді Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан «Прогресс политехникалық колледж» студенттеріне  арналған «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Дәрігер АИТВ-ның алдын алу, соның ішінде иммун тапшылығы вирусының берілу жолдары, инфекциядан қалай қорғану керектігі, сондай-ақ АИТВ-ға қатысты қандай қате түсініктер бар екендігі туралы айтып берді. Мысалы, балаларға АИТВ-мен ауыратын адаммен бір ұжымда болу, оқу немесе жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау және дос болу қауіпсіз екені түсіндірілді, өйткені АИТВ тұрмыстық қатынас арқылы берілмейді. Іле аудандық ауруханасының салауатты өмір салты кабинетінің дәрігері Т.Сикимбаева мен емхананың дәрігер терапевті А.Мухаева стигма мен дискриминация тақырыптарын қозғады.

Семинарда презентация мен бейнероликтер көрсетіліп, ситуациялық мәселелерді шешуді ұсынды. Мұның бәрі жасөспірімдерге материалды жақсы түсінуге көмектеседі, ал викториналарға қатысу балалардың ақпаратты қалай қабылдағанын тексеруге мүмкіндік береді. Іс-шара соңында олар маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Іс-шарада 150 ақпараттық-оқыту материалдары мен 4 плакат таратылды, 62 студент қамтылды.