Еске алу күні – ЖИТС-ті тоқтатайық!
Дәстүрлі түрде мамырдың үшінші жексенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні қарсаңында Қазақ дерматологиялық және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы «Марқұмдарды еске алу күні – ЖИТС-ті тоқтатайық» атты онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: күш-жігерді біріктіру, елде ЖИТС-тен болатын өлімді азайту, АИТВ-инфекциясының таралуы және АИТВ-ға байланысты стигма мен кемсітушілікті жою бойынша қажетті шараларды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін талқылау.
Мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.