Created: 06 Мамыр 2021
330

Отан Қорғаушылар күнімен құттықтады

Отан Қорғаушылар күнімен құттықтады  

Бүгін 7 мамыр – ҚР Отан қорғаушылары күні мерекесіне орай Алматы облыстық ЖИТС орталығының ер-азаматтарын құттықтау салтанаты өтті.  «Халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады», - деп сөз бастаған ұжым басшысы Бауыржан Сауранбаев бірнеше майталман маманды Алғыс хаттармен марапаттады.

Директордың орынбасары Гаухария Уранкаева аталы күнге арналған баяндамасын оқып берді. «Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашан да мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.  Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!», – дей келе, ұжымның қыз-келіншектері атынан сый-сыяпаттарын тапсырды. Кәсіподақ үйымы төрайымы Айгүл Ибраимова әр бөлім жігіттеріне балкүлше ұсынды.