Эпидемиологиялық жағдай және өзекті мәселелер талқыланды
Бүгін Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне қарасты Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарымен «АИТВ инфекциясы таралуының алдын алу» тақырыбында бірлескен отырыс өткізді.
Онлайн-режимдегі басқосуды ЖИТС орталығы директоры Б.Сауранбаев кіріспе сөзбен ашты. Эпидемиологиялық жағдай және өзекті мәселелер жайлы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Д.Ибраимов шолу жасады. Алматы облысы бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды АРТ-мен қамту және диспансерлеу туралы емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ж.Кусаинова баяндады.
Ал Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауруханаішілік инфекция бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Райымбекова «Салауатты қоршаған орта - Ұлт денсаулығы» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде медициналық қалдықтар жұмысын түсіндірді.
ИФА үшін биоматериалды жинау, таңбалау және тасымалдау кезіндегі қателіктер жөнінде зертхана бөлімінің меңгерушісі А.Абуова айтты.
Салалық өзекті мәселелер көтерілген жиынды директордың ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар және эпидемиологиялық қадағалау бойынша орынбасары Б.Салибекова қорытындылады.