Created: 13 Шiлде 2021
13

Әскери қызметшілермен АИТВ жайлы әңгімелесті

АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру мақсатында Қаратал ауданының Жаңаталап ауылы мен күрішті алқабында орналасқан №30131 және №55078 әскери бөлімдері қызметшілерімен семинар өткізілді.

АО ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған филиалының мамандары А.Батырбекова мен И.Баймолданов АИТВ жұқпасымен байланысты стигма мен кемсіту тақырыбына, сонымен қатар індетті жұқтыру жолдары, әсіресе бүгінгі эпидемиялық жағдайға орай бірінгші кезекке шыққан жыныстық жолмен жұқтыру жағдайларына тоқталды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Тыңдаушылар саны - 650 адам.