Created: 13 Шiлде 2021
16

Біздің мамандар - Іле ауданында

2021 жылдың 1 шілдесінде Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.Кенжебекова мен эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская Іле ауданындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға арнап семинар өткізді.

АИТВ жұқпасының алдын алу тақырыбын қозғаған дәрігерлер аймақтағы эпиджағдайға шолу жасап, жұқпаның берілу жолдары мен алдын алу шараларына тоқталды.

Семинар соңында оқыту бейнефильмі көрсетіліп, қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.

Іс-шараға 25 адам қатысты.