Created: 13 Шiлде 2021
12

Қапшағай қаласында семинар өтті

2021 жылдың 2 шілдесінде біздің мамандар: А.Кенжебекова, М.Мырзатаева, О.Потуданская Қапшағай қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтармен АИТВ жұқпасының алдын алу жайында әңгіме өткізді.

Қапшағай қалалық полиция бөлімінде өткен кездесуде дәрігерлер елдегі және облыстағы эпиджағдаймен таныстырды. Індетті жұқтыру жолдарына, әсіресе соңғы кезде алға шыққан жыныстық жолмен жұқтыруға көбірек тоқталды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Іс-шараға 25 адам қамтылды.