Created: 13 Шiлде 2021
15

«Волковгеология» өндірістік кешеніндегі кездесу

1 шілде 2021 жылы Іле ауданына іссапарға шыққан мамандар Покровка ауылдық округіндегі «Волковгеология» өндірістік кешенінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу мақсаты - АИТВ-инфекциясы проблемасына ел назарын аудару, індеттің таралу жолдарымен және алдын алу әдістерімен таныстыру.

Орталық мамандары А.Кенжебекова мен О.Потуданская өндірістік кешен қызметкерлері сұрақтарына жауап беріп, АИТВ-жұқпасына әкелуі мүмкін қауіптер туралы айтты.

Іс-шараға 76 адам қатысты.