Балпық би ауылында бірқатар іс-шаралар өткізілді

18-19 ақпанда Алматы облыстық ЖИТС орталығының Талдықорғандағы филиал мамандары Р.Сахариев пен И.Баймолданов Балпық би ауылындағы М.Құрманұлы, Н.Алдабергенов, Қ.Жалайыри, Б.Құндақбаев атындағы орта мектептерінің 8-11 сынып оқушылары мен ұстаздары арасында бірқатар іс-шаралар өткізді.

Үштөбе мектептерінде дәріс оқыды

Талдықорғандық мамандар Каратал ауданының орталығы – Үштөбе қалашығындағы №13 және Бикен Римова атындағы орта мектептің ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларымен кездесті. 

Әскери бөлімдердің жеке құрамымен дәріс

 

19 ақпанда Талдықорған филиалының эпидемиолог-дәрігері Д.Серікболатов АИТВ-ның алдын алу бойынша №30131 және № 55078 әскери бөлімдерінің жеке құрамымен дәрістер өткізді.

Үштөбе жұмыскерлері арасында АИТВ жұқпасының алдын алу

 18 ақпанда Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы Д.Серікболатов «Үштөбе-Айдын» және «Тамас» ЖШС қызметкерлері арасында «АИТВ-ның алдын-алу» тақырыбында семинар өткізді.

Полиция қызметкерлеріне АИТВ туралы

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының Талдықорған бөлімшесінің эпидемиологы Дархан Серікболатов Үштөбе қаласындағы Қаратал аудандық полиция қызметкерлерімен «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Қоғамдық тәртіп сақшылары жұқпаның берілу жолдары, зиянды азайту бағдарламасы және стигма туралы білді.